Хадис

Сахих Мүслим, № 2084

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
66. Дүниеге құмартпау және жүректі жұмсартатын насихаттар кітабыكِتَابُ الزُّهْدِ وَالرَّقَائِقِ
бап
11. Дүние игілігінің аздығы, жоқшылыққа сабыр ету және ағаш жапырақтарын жеу туралыبَابٌ: فِي قِلَّةِ الدُّنْيَا وَالصَّبْرِ عَنْهَا وَأَكْلِ وَرَقِ الشَّجَرِ
Нөмірі
№ 2084 (Мухтасар реті)
2084
Мүслим, № 2084

عَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «وَاللَّهِ إِنِّي لَأَوَّلُ رَجُلٍ مِنَ الْعَرَبِ رَمَى بِسَهْمٍ فِي سَبِيلِ اللَّهِ، وَلَقَدْ كُنَّا نَغْزُو مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، مَا لَنَا طَعَامٌ نَأْكُلُهُ إِلَّا وَرَقُ الْحُبْلَةِ وَهَذَا السَّمُرُ، حَتَّى إِنَّ أَحَدَنَا لَيَضَعُ كَمَا تَضَعُ الشَّاةُ. ثُمَّ أَصْبَحَتْ بَنُو أَسَدٍ تُعَزِّرُنِي عَلَى الدِّينِ، لَقَدْ خِبْتُ إِذًا وَضَلَّ عَمَلِي».

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) былай деген: «Алланың атымен ант етемін, мен арабтар арасынан Алла жолында алғаш жебе атқан адаммын. Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге жорыққа шығатынбыз. Хубла мен сәмур ағаштарының жапырақтарынан басқа жейтін азығымыз жоқ еді. Тіпті үлкен дәретіміз қойдың құмалағындай болып шығатын. Енді Бәну Әсад дін мәселесінде мені сынап, мін тағатын болыпты. Олай болса, мен шынымен де сәтсіздікке ұшырап, амалым зая кеткен екен» (2966/12).