Хадис

Сахих Мүслим, № 2086

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
66. Дүниеге құмартпау және жүректі жұмсартатын насихаттар кітабыكِتَابُ الزُّهْدِ وَالرَّقَائِقِ
бап
12. Марқұмның отбасы мен мал-мүлкі кері қайтады, ал амалы өзімен қаладыبَابٌ: يَرْجِعُ عَنِ الْمَيِّتِ أَهْلُهُ وَمَالُهُ وَيَبْقَى عَمَلُهُ
Нөмірі
№ 2086 (Мухтасар реті)
2086
Мүслим, № 2086Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَتْبَعُ الْمَيِّتَ ثَلَاثَةٌ، فَيَرْجِعُ اِثْنَانِ وَيَبْقَى وَاحِدٌ، يَتْبَعُهُ أَهْلُهُ وَمَالُهُ وَعَمَلُهُ، فَيَرْجِعُ أَهْلُهُ وَمَالُهُ وَيَبْقَى عَمَلُهُ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Мәйіттің соңынан үш нәрсе ереді. Оның екеуі қайтып, біреуі қалады. Оның соңынан отбасы, мал-дүниесі және амалы ереді. Отбасы мен мал-дүниесі кері қайтып, амалы ғана қалады”, – деді», – деп баяндады (2960/5).