Хадис

Сахих Мүслим, № 598

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
8. Ораза кітабыكِتَابُ الصِّيَامِ
бап
23. Сапарда ораза ұстау ізгілікке жатпайдыبَابٌ: لَيْسَ مِنَ الْبِرِّ الصِّيَامُ فِي السَّفَرِ
Нөмірі
№ 598 (Мухтасар реті)
598
Мүслим, № 598Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي سَفَرٍ، فَرَأَى رَجُلًا قَدِ اجْتَمَعَ النَّاسُ عَلَيْهِ، وَقَدْ ظُلِّلَ عَلَيْهِ، فَقَالَ: “مَا لَهُ؟” قَالُوا: “رَجُلٌ صَائِمٌ”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “لَيْسَ الْبِرَّ أَنْ تَصُومُوا فِي السَّفَرِ”».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) сапарда келе жатып, төңірегіне жұрт жиналып, үстіне көлеңке түсіріліп тұрған бір адамды көрді. Ол: “Оған не болды?” – деп сұрады. Жұрт: “Бұл – ораза ұстаған адам”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Сапарда ораза ұстау – ізгілік емес”, – деді». (1115/92)