عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ، قَالَ: «بَلَغَ النَّبِيَّ ﷺ أَنِّي أَسْرُدُ الصَّوْمَ، وَأُصَلِّي اللَّيْلَ، فَإِمَّا أَرْسَلَ إِلَيَّ وَإِمَّا لَقِيتُهُ، فَقَالَ: “أَلَمْ أُخْبَرْ أَنَّكَ تَصُومُ وَلَا تُفْطِرُ، وَتُصَلِّي اللَّيْلَ؟ فَلَا تَفْعَلْ، فَإِنَّ لِعَيْنِكَ حَظًّا، وَلِنَفْسِكَ حَظًّا، وَلِأَهْلِكَ حَظًّا، فَصُمْ وَأَفْطِرْ، وَصَلِّ وَنَمْ، وَصُمْ مِنْ كُلِّ عَشَرَةِ أَيَّامٍ يَوْمًا، وَلَكَ أَجْرُ تِسْعَةٍ”. قَالَ: “إِنِّي أَجِدُنِي أَقْوَى مِنْ ذَلِكَ، يَا نَبِيَّ اللَّهِ”. قَالَ: “فَصُمْ صِيَامَ دَاوُدَ عَلَيْهِ السَّلَامُ”. قَالَ: “وَكَيْفَ كَانَ دَاوُدُ يَصُومُ، يَا نَبِيَّ اللَّهِ؟” قَالَ: “كَانَ يَصُومُ يَوْمًا، وَيُفْطِرُ يَوْمًا، وَلَا يَفِرُّ إِذَا لَاقَى”. قَالَ: “مَنْ لِي بِهَذِهِ، يَا نَبِيَّ اللَّهِ؟”» قَالَ عَطَاءٌ: «فَلَا أَدْرِي كَيْفَ ذَكَرَ صِيَامَ الْأَبَدِ». فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَا صَامَ مَنْ صَامَ إِلَى الْأَبَدِ، لَا صَامَ مَنْ صَامَ الْأَبَدَ».
Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас былай деді: «Пайғамбарға (с.а.с.) менің үзбей ораза ұстап, түнде намаз оқитыным жайлы хабар жетті. Ол не маған адам жіберді, не мен оны өзім кездестірдім. Сонда ол: “Маған сенің бір күн де қалдырмай ораза ұстап, түні бойы намаз оқитының туралы хабар жетпеді ме? Бұлай істеме. Өйткені көзіңнің де сенде ақысы бар, өзіңнің де сенде ақысы бар, отбасыңның да сенде ақысы бар. Сондықтан кейде ораза ұста, кейде ұстама; намаз да оқы, ұйықта да. Әр он күнде бір күн ораза ұста. Сонда саған тағы тоғыз күннің сауабы беріледі”, – деді. Мен: “Уа, Алланың Пайғамбары! Менің бұдан да артығына шамам жетеді”, – дедім. Ол: “Онда Дәуіттің (оған сәлем болсын) оразасындай ораза ұста”, – деді. Мен: “Уа, Алланың Пайғамбары! Дәуіт қалай ораза ұстаған?” – деп сұрадым. Ол: “Ол бір күн ораза ұстап, бір күн ұстамайтын әрі дұшпанмен бетпе-бет келгенде қашпайтын”, – деді. Мен: “Уа, Алланың Пайғамбары! Менің де осындай болуыма кім кепіл?” – дедім». Ата: «Оның өмір бойы үзбей ораза ұстау жайын қалай сөз еткенін білмеймін», – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Өмір бойы үзбей ораза ұстаған адам ораза ұстаған жоқ! Өмір бойы үзбей ораза ұстаған адам ораза ұстаған жоқ!» – деген. (1159/186)