Салих ибн Хауат Затур-риқағ ғазауатында Алла елшісімен (с.а.с.) бірге қауіп намазын оқыған бір кісіден жеткізіп, былай баяндайды: «Әуелі бір топ келіп, Алла елшісінің (с.а.с.) артында сап түзеді. Екінші топ дұшпанға қарсы тұрды. Пайғамбарымыз сап түзегендерге бір рәкағат оқытқаннан кейін өзі қиямда күтіп тұрды. Сапта тұрғандар намаздарын өздері толықтырып, кейін кетіп қалды. Сосын дұшпанға қарсы тұрған топ келіп, Пайғамбарымыздың артында сап түзеді, ал намаздарын аяқтағандар дұшпанға қарсы тұруға барды. Екінші топқа да қалған бір рәкағатты оқытқаннан кейін тәхиятта отырды. Жамағат оқымаған рәкағаттарын толықтырғаннан кейін бәрі бірге сәлем берді1».
- 1Бұхари, «Мағази», 64/31; Муслим, «Салат әл-мусафирин», 6/310; Шафиғи, «Рисала», № 509, 677. Қауіп намазы соғыс және сол секілді төтенше жағдайларда, дұшпаннан қорғану міндетін үзбей, осы бөлімде баяндалғандай ерекше тәртіппен оқылады.