Қазақша аудармасы
Әбу Һурайрадан немесе1 Әбу Сағид әл-Худриден риуаят етіледі: Алла елшісі (с.а.с.) былай деп бұйырған: «Үйім мен мінберімнің арасы – жәннат бақшаларының бірі. Мінберім болса, Хауызымның үстінде».
- 1Ибн Абдулбәр былай дейді: «“Муатта” риуаятшылары жеткізушінің есімін осылай күмәнмен атаған». Бұхари («Салат фи мәсжид Мәккә уәл-Мәдина», 20/5) мен Муслим («Хаж», 15/502) мұны Әбу Һурайрадан риуаят еткен.