Қазақша аудармасы
Абдуллаһ ибн Омардан риуаят етіледі: «Адамдар: “Дәрет сындыруға отырған кезде құбылаға және Бәйтүл-Мақдиске қарамаңдар”, – дейді. Бір жолы үйімнің шатырына шыққан едім, Алла елшісінің (с.а.с.) екі кірпіштің үстінде отырып, Бәйтүл-Мақдиске қарап дәрет сындырғанын көрдім».
Кейін Ибн Омар риуаятты жеткізушіге: «Сірә, сен де сәждеде денесін сандарына жабыстырып намаз оқитындардан шығарсың», – деді. Ол: «Уаллаһи, білмеймін», – деп жауап берді.
Имам Мәлик мұны сәждеге барғанда тізелер жерде тұрған күйде, денені сандардан ажыратпай, жерге және сандарға толықтай жабыстыру деп сипаттаған1.
- 1Бұхари, «Уду», 4/12; Муслим, «Таһарат», 2/61; Шафиғи, «Рисала», № 812. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 277.