Хадис

Муатта, № 17

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
16. Құран кәрім
бап
6. Ықылас және Мүлк, яғни Тәбәрәкә сүрелерін оқудың артықшылығы
Нөмірі
№ 17 (кітап ішіндегі рет реті)
17
Муатта, 16-кітап, № 17
Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худриден риуаят етіледі: «Бір адамның “Қул һуаллаһу әхад” сүресін қайта-қайта оқып тұрғанын көрдім. Ертеңіне дереу Алла елшісіне (с.а.с.) барып, жағдайды баяндадым. Өйткені оның оқығанын азсынғандай болдым. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): “Жаным қолында болған Аллаға ант етемін, бұл сүре артықшылығы жағынан Құранның үштен біріне тең”, – деп бұйырды1».

  1. 1Бұхари, «Фәдаил әл-Құран», 66/13. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 172.