Қазақша аудармасы
Талха ибн Убайдуллаһ ибн Кәризден риуаят етіледі: Алла елшісі (с.а.с.) былай деп бұйырған: «Дұғалардың ең абзалы – Арафатта жасалған дұға. Менің және менен бұрынғы пайғамбарлардың жасаған ең абзал дұғасы мынау: “Алладан басқа тәңір жоқ. Ол барлық жағынан жалғыз, Оның серігі әрі теңдесі жоқ1”».
- 1Тирмизи, «Даъауат», 45/122. Амр ибн Шуғайб – оның әкесі – оның атасы тізбегімен марфуғ түрінде.