Хадис

Муатта, № 34

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
16. Құран кәрім
бап
8. Дұғаға қатысты риуаяттар
Нөмірі
№ 34 (кітап ішіндегі рет реті)
34
Муатта, 16-кітап, № 34
Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Аббастан риуаят етіледі: Алла елшісі (с.а.с.) түн ортасында намазға тұрған кезде былай дұға ететін: «Уа, Алла! Мадақ Саған ғана тән. Сен жерлер мен көктердің нұрысың. Мадақ Саған ғана тән. Жерді де, көкті де басқарушы – Сенсің. Мадақ Саған ғана тән. Сен жерлердің, көктердің және екеуінің арасындағылардың Раббысысың. Сен хақсың, сөзің хақ, уәдең хақ, Саған қауышу, яғни өлгеннен кейін қайта тірілу хақ. Жәннат хақ, тозақ хақ, қиямет хақ, ол міндетті түрде болады. Уа, Алла! Саған бойсұндым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Саған байландым, Сен берген біліммен дұшпаныммен күрестім және Сенің әмірлерің бойынша үкім бердім. Жасырын және ашық түрде істеген әрі істейтін күнәларымды кешір. Сен менің Тәңірімсің, Сенен басқа тәңір жоқ1».

  1. 1Бұхари, «Тәһәжжүд», 19/1; Муслим, «Салат әл-мусафирин», 6/199.