Хадис

Муатта, № 20

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
17. Жаназа
бап
7. Жаназа намазын таң намазынан кейін айнала жарық болғанға дейін, екінтіден кейін күн сарғайғанға дейін оқу
Нөмірі
№ 20 (кітап ішіндегі рет реті)
20
Муатта, 17-кітап, № 20
Қазақша аудармасы

Хуәйтибтің немересі Абдуррахман ибн Әби Суфянның азат еткен құлы Мұхаммед ибн Әби Хармаладан риуаят етіледі: «Әбу Сәләмәнің қызы Зәйнаб қайтыс болған кезде Тариқ Мәдина әкімі еді. Зәйнабтың мәйіті таң намазынан кейін дереу әкелініп, Бақи зиратына жерленді. Тариқ сол күні жаназа кешігіп қалмасын деп, таң намазын ертерек оқытқан еді».

Ибн Әби Хармала былай деген: «Абдуллаһ ибн Омардың марқұмның отбасына: “Не жаназаларыңның намазын қазір оқисыңдар, не күн көтерілгенге дейін кейінге қалдырасыңдар”, – дегенін естідім».