Қазақша аудармасы
Һишам ибн Уруә әкесінен жеткізеді: «Қабірімнің Бақи зиратында болғанын қаламаймын. Басқа жерге жерленгенім мен үшін ол жерге жерленуден артық. Өйткені қабірім не бір залымның қабірінің орнында болады, ал мен онымен бірге болуды қаламаймын; не бір салих кісінің қабірінің орнында болады, ал мені жерлеу үшін оның сүйектерінің орнынан шығарылуына көңілім разы емес1».
- 1Бақи зиратының орны шектеулі болғандықтан, кейін қазылған қабірлер көбіне бұрынғы қабірлердің орнына сәйкес келетін. Жоғарыдағы сөз осы жағдайға қатысты айтылған.