Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра Алла елшісінің (с.а.с.) былай деп бұйырғанын жеткізеді: «Үш баласы қайтыс болған мұсылманға Алланың антының талабын орындаудан өзге жағдайда тозақ азабы тимейді. Яғни тозақтан өтіп бара жатқанда немесе онда аз ғана уақыт болғанда ғана азапты сезінуі мүмкін1».
- 1Бұхари, «Жәнаиз», 23/6; Муслим, «Әл-Бирр уәс-сила», 45/150. Алланың анты дегенде: «Сендерден тозақтың басына бармай қалатын ешкім болмайды. Бұл Раббыңның кесімді үкімі» («Мәриям» сүресі, 19/71), – деген аятта айтылған жағдай меңзеледі.