Қазақша аудармасы
Зәйд ибн Әсләмнен риуаят етіледі: «Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.): “Жатып ұйықтаған адам дәрет алсын”, – деді1». Мәлик былай дейді: «Зәйд ибн Әсләм “Уа, мүміндер! Намазға тұрған кезде жүздеріңді және шынтақтарыңа дейін қолдарыңды жуыңдар, бастарыңа мәсіх тартыңдар, сондай-ақ тобықтарыңа дейін аяқтарыңды жуыңдар” деген аятты: “Төсектен, яғни ұйқыдан тұрған кезде...” – деп тәпсірледі».
- 1Жатып ұйықтағанда дәреті бұзылады деген сөз. Отырған орнында еш нәрсеге сүйенбей ұйықтаса, дәреті бұзылмайды. Ал бір нәрсеге сүйеніп ұйықтап, сүйенген нәрсесін алып тастағанда құлап қалатындай болса, дәреті бұзылады.