Хадис

Муатта, № 103

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
2. Таһарат (тазалық)
бап
28. Жүкті әйелдің хайыз көруі
Нөмірі
№ 103 (кітап ішіндегі рет реті)
103
Муатта, 2-кітап, № 103
Қазақша аудармасы

Әбу Бәкір әс-Сыддықтың қызы Әсмадан (р.а.) риуаят етіледі: «Бір әйел Алла елшісінен (с.а.с.): “Киіміне хайыз қаны жұққан адам не істейді?” – деп сұрады. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): “Сендердің біріңнің киіміне хайыз қаны жұқса, сол жерін сумен ысқылап жусын, содан кейін сол киіммен намаз оқысын”, – деп бұйырды1».

  1. 1Бұхари, «Хайыз», 6/9; Муслим, «Таһарат», 2/110.