Қазақша аудармасы
Әбу Бәкір ибн Абдуррахманның азат еткен құлы Сүмәйден риуаят етіледі: «Қағқағ ибн Хәким мен Зәйд ибн Әсләм мені Сағид ибн әл-Мусәйябтан истихаза болған әйелдің үкімін сұрауға жіберді. Сұрағанымда, Сағид: “Етеккір күндері біткен соң ғұсыл алады, келесі етеккір күніне дейін әр намаз уақыты үшін қайтадан дәрет алады1. Егер қан көбейсе, әурет жеріне мата қояды”, – деп жауап берді».
- 1Шәйбани, 83. Мұстахаза, яғни ауру салдарынан қан келген әйел үзір иесі саналатындықтан, өзге үзір иелері сияқты әр намаз уақыты үшін дәрет алады.