Қазақша аудармасы
Яхия ибн Абдуррахман былай деп баяндайды: «Әзірет Омар (р.а.) бір керуенмен сапарға шықты. Амр ибн әл-Ас та сол керуеннің ішінде еді. Олар бір су тоғанының басына келді. Амр ибн әл-Ас тоған иесінен: “Бұл тоғанға жыртқыш, яғни жабайы аңдар келіп су іше ме?” – деп сұрағанда, әзірет Омар әлгі адамға: “Бұл сұраққа жауап берме. Өйткені бұл суға жануарлар да келеді, біз де келеміз”, – деді1».
- 1Әзірет Омар (р.а.) бұл сөзін күдік пен күмәнді сейілту үшін айтқан болса керек. Өйткені орындалған ғибадаттардың дұрыстығына күмән келтіруге жол берілмеуі тиіс.