Қазақша аудармасы
Мұхаммед ибн әл-Мүнкәдир (р.а.) былай деп баяндайды: «Алла елшісі (с.а.с.) асқа шақырылған еді. Оған ет пен нан әкелінді. Соларды жегеннен кейін дәрет алды да, намаз оқыды. Кейін астың қалған бөлігі әкелінді. Оны жегеннен кейін қайтадан дәрет алмай намаз оқыды1».
- 1Бұл хадис мурсәл түрінде жеткен. Әбу Дәуіт оны «Таһарат» кітабында (1/74) Жәбирден мәусул түрде риуаят еткен. Сондай-ақ қараңыз: Тирмизи, «Таһарат», 1/59; Шәйбани, 31.