Қазақша аудармасы
Яхия ибн Сағидтен риуаят етіледі: «Сағид ибн әл-Мусәйябтан үлкен дәреттен кейін сумен тазаланудың үкімі сұралғанда, ол: “Бұлай тазалану тек әйелдерге тән”, – деп жауап берді1».
- 1Сағид ибн әл-Мусәйяб бұл сөзімен ерлердің таспен сүртініп тазалануы жеткілікті дегенді меңзеген. Алайда имам Мәлик пен көптеген ғұлама бұл пікірді ұстанбайды. Яғни ер болсын, әйел болсын, мәжбүр жағдай болмаса, сумен тазалануы керек.