Қазақша аудармасы
Имам Мәликке мына хадис риуаят етілді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Тура әрі адал өмір сүріңдер. Бәрін бірдей толық орындай алмайсыңдар. Игі әрі пайдалы амалдар істеңдер. Амалдарыңның ең қайырлысы – намаз. Дәретті тек кемел мүмін ғана сақтай алады”, – деп бұйырды1».
- 1Бұл хадис мурсәл түрінде жеткен. Ибн Абдилбәр «әт-Тақасси» кітабында былай дейді: «Сәубанның ардақты Пайғамбардан (с.а.с.) сахих жолдармен жеткізген риуаяты арқылы бұл хадис муснад әрі муттасыл болады. Оны Ибн Мәжа да “Таһарат” кітабында (1/4) риуаят еткен». Істелетін іс көп, ал уақыт аз болса, ең маңызды істерді орындаңдар. Намаз – ең маңызды істердің бірі. Үнемі дәретті жүру де иманның кемелдігіне ишара етеді. Дәрет – мүміннің қаруы.