Хадис

Муатта, № 50

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
2. Таһарат (тазалық)
бап
11. Мұрыннан қан кеткенде істелетін амал
Нөмірі
№ 50 (кітап ішіндегі рет реті)
50
Муатта, 2-кітап, № 50
Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн әл-Мүжәббир былай дейді: «Абдуллаһтың ұлы Сәлимді мұрнынан қан ағып тұрған кезде көрдім. Тіпті саусақтары қып-қызыл қан болатын. Ол мұрнын уқалап, содан кейін дәрет алмай намаз оқитын1».

  1. 1Яғни аққан қан дәретін бұзбайды деп есептеп, дәретін жаңартпаған. Имам Шафиғи де: «Денеден шыққан қан қаншалықты көп болса да, дәретті бұзбайды», – дейді. Ал ханафилердің пікірінше, дененің кез келген жерінен шығып аққан қан дәретті бұзады.