Қазақша аудармасы
Зәйд әкесі Әсләмнің былай дегенін жеткізді: «Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.): “Кейде өзімнен моншақтай тамшылап мәзи аққанын сеземін. Сендердің бірің мұндай нәрсені байқаса, жыныс мүшесін жусын әрі намаз дәретін алғандай дәрет алсын”, – деді1».
- 1Шәйбани, 43. Ханафи мәзһабы осы пікірді ұстанады. Күмәншіл адамдар күдігін сейілту үшін киіміне су себеді.