Қазақша аудармасы
Сәлим әкесі Абдуллаһ ибн Омардан (р.а.) риуаят етеді. Абдуллаһ (р.а.) былай дейтін: «Ер адамның әйелін сүюі және оған қол тигізуі мүләмәсә1 саналады. Сондықтан кім әйелін сүйсе немесе оған қол тигізсе, дәрет алуы керек».
- 1«Мүләмәсә» – «қол тигізу» деген мағынадағы сөз. Абдуллаһ (р.а.) «мүләмәсә» дегенде «Ниса» сүресінің 43-аятын меңзеп отыр. Бұл аятта: «...немесе әйелдерге қол тигізіп, су таба алмасаңдар, таза жермен тәяммүм алыңдар...» – делінген. Мүләмәсәнің, яғни әйелдерге қол тигізудің шариғи мағынасы жөнінде мәзһаб имамдарының арасында пікір қайшылығы бар. Әбу Ханифаның түсіндіруінше, «әйелдерге қол тигізу» – жыныстық қатынасты астарлап білдіру. Мұндайда ғұсыл алу керек. Ал жай ғана қол тигізуден еш нәрсе міндет болмайды: ғұсыл да, дәрет те қажет емес. Мәлики, шафиғи және ханбали имамдарының пікірінше, «мүләмәсә» – кез келген түрде қол тигізу. Сондықтан олардың пікірінше, әйелге қол тигізген ер адамның дәреті бұзылады.