Қазақша аудармасы
Абдуллаһ ибн Омар былай дейді: «Әкем Омар ибн әл-Хаттаб Алла елшісіне (с.а.с.) түнде жүніп болып қалғанын айтты. Сонда Алла елшісі: “Жыныс мүшеңді жуып, дәрет алғаннан кейін ұйықта”, – деп бұйырды1».
- 1Бұхари, «Ғұсыл», 5/27; Муслим, «Хайыз», 3/25. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 55. Адам әйелімен жақындасқаннан кейін жақсылап тазаланып, содан соң ғұсыл алады. Ғұсыл алуды кейінге қалдырса, дәрет алады. Ең болмағанда қолдарын жуып, аузы мен мұрнын шайып, бетін жуады. Бұлар денсаулыққа өте пайдалы: шаршау мен әлсіздікті басып, жеңілдік пен сергектік береді.