Қазақша аудармасы
Абдуррахман әкесі Қасымнан жеткізеді: «Үмәйстің қызы Әсма Бәйдада Мұхаммед ибн Әби Бәкірді дүниеге әкелді. Әбу Бәкір бұл жайды Алла елшісіне (с.а.с.) жеткізгенде, Пайғамбарымыз: “Оған айт, ғұсыл құйынып, содан кейін ихрамға кірсін”, – деп бұйырды».1
- 1Мүслім, «Хажж», 15/109; иснады жалғасқан түрде риуаят еткен.