Хадис

Муатта, № 126

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
21. Қажылық
бап
40. Тауапқа қатысты әртүрлі риуаяттар
Нөмірі
№ 126 (кітап ішіндегі рет реті)
126
Муатта, 21-кітап, № 126
Қазақша аудармасы

Үммі Сәләмадан: «Алла елшісіне (с.а.с.) ауырып тұрғанымды айттым. Ол: “Онда жамағаттың сырт жағынан көлігіңе мініп тауап жаса”, – деді. Мен түйеме мініп, тауап жасадым. Ол кезде Алла елшісі (с.а.с.) Бәйтулланың жанында намаз оқып, “Тур” сүресінің “Уат-Тури уә китабин мәстур” деген аяттарын оқып тұрған еді».1

  1. 1Бұхари, «Салат», 8/78. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 476.