Қазақша аудармасы
Харистің қызы Үммүл-Фадлдан: «Арафа күні қасымдағы сахабалар ардақты Пайғамбардың ораза ұстаған-ұстамағаны жөнінде пікір таластырып қалды. Кейбірі: “Ораза ұстаған”, – десе, кейбірі: “Жоқ”, – деді. Сонда ардақты Пайғамбарға бір тостаған сүт жібердім. Ол Арафатта түйесінің үстінде тұрған күйі сүтті ішті».1
- 1Бұхари, «Хажж», 25/88; Мүслім, «Сиям», 13/110.