Хадис

Муатта, № 164

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
21. Қажылық
бап
51. Қағбаға жіберілетін құрбандықтың ең жеңіл түрі
Нөмірі
№ 164 (кітап ішіндегі рет реті)
164
Муатта, 21-кітап, № 164
Қазақша аудармасы

Абдуррахманның қызы Амраның азат етілген күңі Руқайя былай дейді: «Абдуррахманның қызы Амра Меккеге бармақ болып жолға шықты. Меккеге зүлхижжаның сегізінші күні жетті. Мен де қасында едім. Тауап пен сағи жасап болған соң мешіттің ауласына кіріп, маған: “Жаныңда қайшы бар ма?” – деді. Мен: “Жоқ”, – дедім. Ол: “Онда тауып әкел!” – деді. Тауып әкелдім. Сол қайшымен шашын қысқартты. Айттың бірінші күні бір қойды құрбандыққа шалды».