Хадис

Муатта, № 179

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
21. Қажылық
бап
57. Арафаттан Мүздәлифаға қайту
Нөмірі
№ 179 (кітап ішіндегі рет реті)
179
Муатта, 21-кітап, № 179
Қазақша аудармасы

Һишам әкесі Уруаның былай дегенін жеткізеді: «Үсама ибн Зәйдтен Алла елшісінің (с.а.с.) қоштасу қажылығында Арафаттан қайтқанда қалай жүргені сұралды. Мен де оның қасында едім. Ол: “Қалыпты жүріспен жүретін. Ал алда кеңістік ашылғанда, жүрісін шапшаңдататын”, – деп жауап берді».1

Имам Мәлик былай дейді: «Һишам: “Хадисте ‘нас’ деп аталған шапшаң жүріс – қалыпты жүрістен сәл жылдамырақ жүріс”, – деген».

  1. 1Бұхари, «Хаж», 25/92; Мүслим, «Хаж», 15/283–284.