Хадис

Муатта, № 181

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
21. Қажылық
бап
58. Қажылықта құрбан шалуға қатысты риуаяттар
Нөмірі
№ 181 (кітап ішіндегі рет реті)
181
Муатта, 21-кітап, № 181
Қазақша аудармасы

Имам Мәликтен жеткен риуаятта Алла елшісі (с.а.с.) Минада: «Минаның барлық жерінде құрбан шалуға болады», – деген. Мәруада да: «Меккенің барлық көшелері мен жолдарында құрбан шалуға болады», – деген.1

  1. 1Әбу Дәуіт, «Хаж», 11/64, Жәбирден; Ибн Мәжа, «Мәнәсик», 25/73.