Қазақша аудармасы
Абдуллаһ ибн Омардан: «Алла елшісі (с.а.с.): “Мәдиналықтар Зүлхуләйфадан, шамдықтар Жухфадан, нәжділіктер Қарннан ихрамға кіреді”, – деп бұйырған. Естуімше, Алла елшісі (с.а.с.) сондай-ақ: “Йемендіктер Йәләмләмнан ихрамға кіреді”, – деп бұйырған».1
- 1Бұхари, «Хажж», 25/4; Мүслім, «Хажж», 15/13. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 381.