Қазақша аудармасы
Абдуллаһ ибн Омар жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) былай тәлбия айтатын: “Уа, Аллам, шақыруыңа келдім, әміріңе әзірмін! Әміріңе әзірмін, Сенің ешбір серігің жоқ, әміріңе әзірмін! Бар мадақ Саған тән, нығмет те, бүкіл мүлік те Сенікі. Сенің ешбір серігің жоқ”».
Абдуллаһ ибн Омар бұған өзі мынаны да қосатын: «Әміріңе әзірмін, әміріңе әзірмін! Әміріңе әзірмін, Сені разы етуге дайынбыз. Барлық қайыр Сенің қолыңда, әміріңе әзірмін! Үміт-тілек Саған бағытталады, амал да Сен үшін жасалады».1
- 1Бұхари, «Хажж», 25/26; Мүслім, «Хажж», 15/19. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 386.