Қазақша аудармасы
Абдуррахманның қызы Амра былай деп әңгімелейді: «Зияд ибн Әби Суфян әзірет Айшаға хат жазып: “Абдуллаһ ибн Аббас: ‘Құрбандық малын жіберген адамға ол шалынғанға дейін қажылық жасаушыларға харам болған нәрселер харам болады’, – деді. Мен де құрбандығымды жібердім. Маған бұл жөніндегі үкімді жазыңыз немесе құрбандық иесіне хабар беріңіз”, – деді. Әзірет Айша оған былай деп жауап берді: “Ибн Аббас айтқандай емес. Мен Алла елшісінің (с.а.с.) құрбандық малының мойнына тағылатын бауды өз қолыммен есіп дайындадым. Содан кейін Алла елшісі (с.а.с.) оны малдың мойнына өз қолымен тағып, әкеммен бірге жіберді. Сол аралықта ардақты Пайғамбар құрбандық шалынғанға дейін Алла Тағала өзіне халал еткен ешбір нәрседен тыйылған жоқ”».1
- 1Бұхари, «Хажж», 25/109; Мүслім, «Хажж», 15/369. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 398.