Қазақша аудармасы
Нәфиғтан: «Абдуллаһ ибн Омар Меккеге жақындағанда, екі төбенің арасындағы, бүгінде Бири Сағид деп аталатын Зитуә аңғарына түнеп шығатын. Таң намазын сонда оқып, Меккеге қаланы жоғарыдан көруге болатын тұстан кіретін. Қажылыққа келсін, ұмраға келсін, Меккеге кірмес бұрын, қала маңындағы Зитуәда ғұсыл құйынатын. Қасындағыларға да ғұсыл құйынуды бұйырып, Меккеге солай кіретін».1
- 1Бұхари, «Хажж», 25/38. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 472.