Қазақша аудармасы
Абдуддар ұлдарының руынан шыққан Нүбәйһ ибн Уәһбтен: «Әбан ибн Осман қажылық әмірі болғанда, Омар ибн Убайдулла оған хабар жіберіп: “Шәйбә ибн Жүбәйрдің қызын Талха ибн Омармен некелестіргім келеді. Сондықтан сенің де сол жерде болғаныңды қалаймын”, – деді. Ол кезде Омар да, Әбан да ихрамда еді. Сонда Әбан: “Мен Осман ибн Аффаннан ардақты Пайғамбардың: ‘Ихрамдағы адам өзі некелесе алмайды, басқа біреудің некесін қия алмайды және қыз сұрай алмайды’, – дегенін естідім”, – деді».1
- 1Мүслім, «Никах», 16/41. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 436.