Қазақша аудармасы
Имам Мәлик былай дейді: «Сағид ибн Мусәйябтан, Сәлим ибн Абдуллаһтан және Сүлеймен ибн Ясардан ихрамдағы адамның некелесуі немесе неке қиюы туралы сұралды. Олар: “Ихрамдағы адам өз некесін де қидыра алмайды, басқа біреудің де некесін қия алмайды”, – деп жауап берді».
Имам Мәликтен: «Әйелін талақ еткен адам ихрамда жүргенде, ғиддат мерзімі бітпеген әйелін қайтарып ала ала ма?» – деп сұралды. Имам Мәлик: «Ғиддат мерзімі әлі бітпесе, ер адам ихрамда жүрсе де, әйелін қайтарып ала алады», – деп жауап берді.1
- 1Ханафи мәзһабында ихрамдағы адамның некелесуіне болады, алайда сүйісуіне және жыныстық қатынас жасауына тыйым салынады.