Хадис

Муатта, № 79

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
21. Қажылық
бап
24. Ихрамдағы адамның аң етін жеуіне болатын жағдайлар
Нөмірі
№ 79 (кітап ішіндегі рет реті)
79
Муатта, 21-кітап, № 79
Қазақша аудармасы

Әбу Қатада былай деп әңгімелейді: «Меккеге бара жатқанда Алла елшісімен (с.а.с.) бірге едім. Мен ихрамда емес едім. Ихрамдағы кейбір жолдастарыммен бірге негізгі топтан бөлініп кеттік. Осы кезде бір жабайы есек көрдім. Атымның үстінде бойымды тіктеп, жолдастарымнан қамшымды сұрадым, бермеді. Жебемді сұрадым, оны да бермеді. Ақырында өзім алып, жабайы есекті атып алдым. Оның етінен кейбір сахабалар жеді, кейбірі жемеді. Ардақты Пайғамбарға жеткенде, бұл жайдың үкімін сұрады. Пайғамбарымыз: “Ол – бір ризық. Оны сендерге Алла жегізді”, – деп жауап берді».1

  1. 1Бұхари, «Жиһад», 56/88; Мүслім, «Хажж», 15/57. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 443.