Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра былай деп әңгімелейді: «Бахрейннен қайтып келе жатқан едім. Рабазаға жеткенде, ихрамдағы ирақтық бір керуенге кезіктім. Олар рабазалық бір адамнан алған аң етін жеуге бола ма деп сұрады. Мен жеуге болатынын айттым. Кейін осы жауабымның дұрыстығына күмәндандым. Мәдинаға келген соң, бұл жайды Омар ибн Хаттабқа айттым. Әзірет Омар: “Сен не деп жауап бердің?” – деп сұрады. Мен: “Жеуге болатынын айттым”, – дедім. Сонда әзірет Омар: “Егер бұдан басқа жауап бергеніңде, саған не істейтінімді көрер едің!” – деді. Мұнысы “Жазалар едім” дегені еді».1
- 1Шәйбани, 442. Рабаза – Мәдина маңындағы жер. Бахрейн – Басра мен Оман арасындағы аймақ.