Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.): «Мәдинада жайылып жүрген киіктерді көрсем де, үркітпеймін. Өйткені Алла елшісі (с.а.с.): “Екі қара тасты алқаптың арасындағы Мәдина – харам, яғни қасиетті аймақ. Онда ешкімге де, ешнәрсеге де қол сұғылмайды”, – деген», – дейтін1.
- 1Бұхари, «Фадаилул-Мәдина», 29. Харам – қол сұғудан қорғалған, кейбір істерге тыйым салынған аймақ. Өзге жерлерде рұқсат етілетін ағаш кесу, шөп жұлу, аң аулау секілді істер мұнда тыйым салынған. Бұл – Мәдина маңындағы Айыр мен Ұхұд тауларының арасындағы аумақ. Үш мәзһабта үкім осындай. Ал ханафилердің пікірінше, Мәдинада Меккедегідей харам аймақ жоқ. Алла елшісі (с.а.с.) Мәдинаның көркі мен қасиетін сақтау үшін оны харам деп атаған. Қаланы көркейту мен қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан шөптің, ағаштың және маңындағы жануарлардың қала көркі үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндіріп жатудың қажеті жоқ деп ойлаймыз.