Қазақша аудармасы
Ибн Шиһабтың жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Араб түбегінде екі дін қатар болмайды», – деген. Ибн Шиһаб былай дейді: «Омар ибн Хаттаб (р.а.) бұл хадисті зерттеді. Алла елшісінің (с.а.с.): “Араб түбегінде екі дін қатар болмайды”, – деген сөзінің анығына жеткен соң, Хайбардағы яһудилерді шығарып, жер аударды»1.
- 1Мурсал хадис. «Сахихайнда» Ибн Аббастан иснады жалғасқан түрде жеткен: Бұхари, «Жизя», 58/6; Муслим, «Уасият», 25/5, № 20; Шәйбани, 874.