Қазақша аудармасы
Имам Мәликке Омар ибн Хаттабтың (р.а.): «Рүкбәдегі1 бір үй мен үшін Шамдағы он үйден қайырлы», – дегені жеткен.
Имам Мәлик былай дейді: «Омар (р.а.) бұл сөзімен Шамда ауыр обаға шалдыққаннан гөрі, аңғарда сау-саламат өмір сүрудің қайырлы екенін меңзеген».
- 1Әл-Бажи Рүкбәнің Мекке мен Ирак арасында, Амир ұрпақтарының жерінде орналасқанын айтқан. Ал Ибн Абдулбәр оны Таифтегі аңғар деп түсіндірген.