Қазақша аудармасы
Сафия бинт Әби Убайд былай дейді: «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайы Үммі Сәләмә (р.а.) изар, яғни киімнің етегі жайында сөз болғанда: “Уа, Расулалла! Әйел киімін қаншалықты ұзартуы керек?” – деп сұрады. Алла елшісі (с.а.с.): “Бір қарыс ұзартады”, – деді. Үммі Сәләмә: “Онда жүргенде балтырлары көрініп қалады ғой”, – деді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): “Ендеше, бір зира, яғни шамамен елу сантиметр ұзартады. Одан асырмасын”, – деді»1.
- 1Әбу Дәуіт, «Либас», 31/37. Алдыңғы хадистерде ерлердің киімі бойынан қысқарақ болуы ұсынылған. Ал бұл хадисте әйел киімінің ұзын болуы айтылған. Өйткені әйелдердің жағдайы ерлерден бөлек. Ер адамның әуреті – кіндік пен тізе арасы, оны жабу парыз. Өзге тұстары ғұрып пен әдетке қарай өзгеруі мүмкін. Ал әйелдің бүкіл денесі әурет саналады, жабылуға тиіс. Алла елшісінің (с.а.с.) заманында тұрмыс пен әдетке байланысты кейбір әйелдер жалаңаяқ жүрген. Жүргенде аяқтары ашылмауы үшін етектерін ұзарту бұйырылған. Ал қазір жағдай өзгеше: тұмсығы жабық аяқ киім мен шұлық аяқты жауып тұратындықтан, етекті жерге сүйрету қажет емес.