Қазақша аудармасы
Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Мұсылман бір асқазанын тойдыру үшін жейді. Ал кәпір жеті ішегін толтыру үшін жейді», – деген1.
- 1Бұхари, «Әтғима», 70/12; Муслим, «Әшриба», 36/34, № 185; Шәйбани, 958. Алла елшісі (с.а.с.) бұл хадисте мүміннің қанша тамақ жеуі керектігін баяндайды. Мүмін қомағай болмауға, қажеттен артық жемеуге тиіс. Тіпті дастарқаннан әлі де тәбеті бар кезде тұрғаны жөн. Қомағайлық – мүміннің емес, имансыздардың әдеті. Бұл – жалпы айтылған үкім. Әйтпесе мүміндердің арасында көп жейтіндер, кәпірлердің арасында аз жейтіндер бар екені даусыз.