Хадис

Муатта, № 12

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
37. Көз тию
бап
5. Науқастарды емдеу
Нөмірі
№ 12 (кітап ішіндегі рет реті)
12
Муатта, 37-кітап, № 12
Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Әсләм былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) заманында бір адам жараланып, жарасына қан ұйып қалды. Әлгі адам Бәни Әнмардан екі кісіні шақырды. Олар оны қарап көрді. Екеуінің айтуынша, Алла елшісі (с.а.с.) олардан: “Емшілікті қайсысың жақсы білесіңдер?” – деп сұрады. Олар: “Уа, Расулалла! Ем-домда пайда бар ма?” – деп сұрады». Зәйдтің айтуынша, сонда Алла елшісі (с.а.с.): «Ауруды түсірген Алла оның емі мен шипасын да түсірген», – деген1.

  1. 1Барлық рауи мурсал түрде жеткізген. Алайда мағынасын растайтын сенімді, сахих риуаяттар көп. Мысалы, Бұхари, «Тибб», 76/1; Муслим, «Сәләм», 39/26, № 69-ды қараңыз.