Хадис

Муатта, № 16

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
37. Көз тию
бап
6. Безгекке қарсы суық сумен жуыну
Нөмірі
№ 16 (кітап ішіндегі рет реті)
16
Муатта, 37-кітап, № 16
Қазақша аудармасы

Һишам әкесі Уруадан Алла елшісінің (с.а.с.): «Хумма, яғни безгек немесе дене қызуының көтерілуі – тозақтың қатты ыстығының бір бөлігі1. Оның қызуын сумен түсіріңдер», – дегенін жеткізген2. Ибн Омардан келген риуаятта да Алла елшісі (с.а.с.): «Хумма – тозақтың қатты ыстығының бір бөлігі. Оны сумен сөндіріңдер», – деген3.

  1. 1Мұнда теңеу қолданылып, аурудың қызуы тозақтың ыстығына ұқсатылған.
  2. 2Мағн ибн Исадан басқа барлық рауи мурсал түрде жеткізген. Ол «Муваттада» Мәлик – Һишам – оның әкесі – Айша тізбегімен риуаят етеді. Бұхари, «Тибб», 76/28; Муслим, «Сәләм», 39/26, № 81.
  3. 3Бұхари, «Тибб», 76/28; Муслим, «Сәләм», 39/26, № 79.