Қазақша аудармасы
Қағқағ ибн Хаким былай дейді: «Кағб әл-Ахбар: “Айтып жүретін бірнеше сөзім болмағанда, яһудилер мені есекке айналдырар еді”, – деді1. Одан: “Ол қандай сөздер?” – деп сұралғанда: “Жаратып, көбейткен нәрселерінің жамандығынан Өзінен ұлы ештеңе жоқ Алланың ұлы жүзіне, ешбір ізгі де, бұзық та шегінен шыға алмайтын кемшіліктен пәк, толық әрі үстем сөздеріне және өзім білетін де, білмейтін де барлық көркем есімдеріне сиынамын”, – деп жауап берді»2.
- 1Мұнда «мені ақымақ қылып, тура жолымнан тайдырып, ештеңе білмейтін, түсінбейтін есек секілді етер еді» дегенді меңзеген. Өйткені есек түсінігі таяздық пен білімсіздікті білдіретін мысалға айналған.
- 2Мұны екі түрлі түсінуге болады: не ол өзгелер білсе де, өзі білмейтін көркем есімдер бар деп сенген; не көркем есімдердің арасында ешкім білмейтін есімдер болуы мүмкін екенін меңзеген. Әл-Бажи, «Әл-Мунтақа», 7-т., 272-б.