Қазақша аудармасы
Зәйд ибн Әсләмнен риуаят етілген: Алла елшісі (с.а.с.): «Көліктегі адам жаяу адамға сәлем береді. Бір топтың ішінен бір кісі сәлем берсе, қалғандарына да сол жеткілікті», – деген.1
- 1Риуаятшылардың бірауызды пікірі бойынша, бұл – мүрсәл риуаят. Сәлем беру – сүннет, ал сәлем алу – парыз. Сәлем берудің сүннет екені Алла елшісінің (с.а.с.) түрлі хадистерімен бекітілген. Ал сәлем алудың парыздығына мына аят дәлел: «Сендерге сәлем берілгенде, сендер одан да жақсы сәлем беріңдер немесе жоқ дегенде дәл солай сәлем қайтарыңдар» («Ниса» сүресі, 4:86). Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Кіші үлкенге, көліктегі адам жаяуға, жаяу отырғанға, аз топ көп топқа сәлем береді», – деген. Бәжи, «әл-Мунтақа», 7-том, 279-бет.