Зәйдтің әкесі Әсләмнен риуаят етілген: Омар ибн Хаттаб Һунәй есімді азат еткен құлын қорық жайылымға күзетші етіп тағайындап, былай деді: «Ей, Һунәй! Адамдарға жұмсақ бол. Зұлымдық көрген адамның қарғысынан сақтан, өйткені оның дұғасы қабыл болады. Түйесі аз, қойы аз адамдардың жайылымға кіруіне рұқсат бер. Ал Абдуррахман ибн Ауф пен Осман ибн Аффанның малын кіргізбе.1 Өйткені олардың малы қырылса да, егіндігі мен құрма бақтарына қайта орала алады. Ал түйесі аз, қойы аз адамның малы қырылса, ұлдарын маған жіберіп: “Уа, мүміндердің әмірі! Уа, мүміндердің әмірі!” – дейді. Сонда мен оларды қараусыз қалдырайын ба, әй, әкесінен айырылғыр! Оларға су мен шөп бергенім алтын мен күміс бергеннен жеңіл. Аллаға ант етемін, олар мені өздеріне зұлымдық жасап отыр деп ойлайды. Өйткені бұл – олардың жері мен суы. Жәһилия дәуірінде сол үшін соғысты, Ислам келгенде де сол жерде мұсылман болды. Жаным қолында болған Аллаға ант етемін, Алла жолындағы жорықтарға баратын мініс көлігі жоқ адамдарға мінгізетін мал болмағанда, олардың жерінен бір сүйемін де қорық етіп бөлмес едім».2
Муатта, № 1
- Жинақ
- Муаттаالموطأ
- кітап
- 47. Зұлымдық көрген адамның дұғасы
- бап
- 1. Зұлымдық көрген адамның дұғасынан сақтану
- Нөмірі
- № 1 (кітап ішіндегі рет реті)
Қазақша аудармасы