Қазақша аудармасы
Әзірет Айша (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) таң намазының сүннетін соншалық жеңіл оқитын, тіпті ішімнен: “Фатиханы оқыды ма, әлде оқымады ма?” – деп ойлайтынмын1».
- 1Ибн Абдулбәр: «Мәликтен риуаят еткендер бұл хадистің мурсал екені жөнінде бір пікірде», – дейді.