Қазақша аудармасы
Исмағил ибн Әби Хәкимге былай риуаят етілді: «Алла елшісі (с.а.с.) түнде намаз оқитын бір әйел жайында естігенде: “Ол кім?” – деді. Оған: “Түуәйттің қызы Хаула. Түнде ұйықтамайды”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.) оның түні бойы намаз оқығанын құп көрмеді. Тіпті мұны ұнатпағаны жүзінен байқалды. Сосын былай деді: “Сендер ғибадаттан жалығып, оны тастамайынша, Алла Тағала сендердің сауаптарыңды тоқтатпайды. Өздеріңді шаршатып, жалықтырмай, жалғастыра алатындай амал жасаңдар”1».
- 1Ибн Абдулбәр: «Бұл хадис Исмағилдің осы риуаяты бойынша мунқатиғ», – дейді. Бұхари («Иман», 2/32) мұны әзірет Айшадан маусул түрде риуаят етеді. Сондай-ақ қараңыз: Муслим, «Салат әл-мусафирин», 6/220.